Мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны, онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Осыған орай мектебімізде 19 қаңтар мен 29 қаңтар аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акцияның жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сай іс-шаралар өткізілді.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол ережелерін үйрету мақсатында дәлізде бейнебаяндар көрсетілді. Барлық сынып бөлмелерінде жолда жүру ережелері тақырыбындағы бұрыштар жаңартылды. Сынып жетекшілер өткізілген сынып сағаттарында балалардың әр уақытта сақ және жолда мұқият болуға, жол ережелерін бұзбай жүруге, тәртіпті сақтауға шақырды.