Кезең: 3 тоқсан
Қатысқандар: 5 адам
Күн тәртібі:
Тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясын, асхананың тоңазытқыш-технологиялық жабдықтарының жарамдылығын , өнімдер мен дайын тағамдарды сақтау шарттарының сақталуын тексеру.
Мектепте жалпы білім беру қорының қаражаты есебінен және 1-сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылған. Сонымен қатар ЖШС «Имран-Агро» демеушілік арқасында 2-11 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Ас блогында 1 Тоңазытқыш, 1 мұздатқыш бар. Күн сайын менеджер дайын өнімнің тәуліктік сынамасын жүзеге асырады.
1. Ас блогының өндірістік үй-жайлары, шкафтар, стеллаждар, санитариялық-техникалық жабдықтар жарамды күйде, тәртіппен және таза ұсталады.
2. Тамақтану залдарын жинау әр тамақтан кейін жүргізіледі. Асханалық үстелдерді жуғыш заттар қосылған ыстық сумен жуады және таза шүберекке арналған ыдыста сақтайды.
3. Күн сайын мәзір ілінеді.
4. Мектеп менеджері күн сайын бракераж журналында жазбалар жүргізеді.
Қорытындылар мен ұсыныстар: асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы қалыпты, барлық талаптар орындалады. Азық-түлік шикізатын қабылдау мен сақтау мерзімдеріне, олардың сапасы мен қауіпсіздігіне назар аудару ұсынылды.
Шешім: мектеп асханасында ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметтерін қанағаттанарлық деп тану.
Комиссия мүшелері:
Абишева С.М.
Шумкова Н.А.
Кеженова А.Т.
Кузменцова А.А.
Серова И.А.