Хаттама №1
Қамқоршылық кеңесінің отырысы
21.09.2021 ж
Қатысқандар: 9
Күн тәртібінде
1.2021-2022 оқу жылына арналған мектептің оқу-тәрбие қызметін талдау.
(мектеп директоры: Абишева С.М.)
2.Қамқоршылар кеңесінің құқықтық-нормативтік базасы. Қамқоршылар кеңесі туралы ережемен танысу. Мектептің Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту.
(Тәрбие ісінің меңгерушісі Бексеитова Г.О.)
Тыңдалды:
1.Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры С. М. Абишева қатысушыларды Қамқорлық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлаудың үлгілік қағидаларымен таныстырды. Қамқорлық кеңесті құрудың мақсаты: Материалдық – техникалық базаны нығайту және дамыту, білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін қаржылық, материалдық - техникалық мәселелерді жедел шешу.
2. Екінші мәселе бойынша директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Г.О. Бексеитова Қамқоршылық кеңестің құрамына мүшелерін талқылау және оларды бекіту жөнінде сөз сөйледі. Ол қатысушыларды оның құрамы қалай қалыптасатыны туралы таныстырды. Ол Қамқоршылық кеңес мүшелерінің келесі тізімін ұсынды.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:
1.Абишева С.М – төрайым
2.Лозовая А. Н. - ата-ана, жеке кәсіпкер
3.Жұматаева Г. Ж. – ата-ана, мұғалім
4.Сейтахметов К. Г. – ата-ана, мұғалім
5.Полежаева А.Н. - "Имран Агро" ЖШС бас бухгалтері
6.Бексеитова Ж.К. - ата-ана
7.Тоқсейтова Ұ. - ата-ана
8.Боранбаева Д.С. - ата-ана
9.Бексеитова Г.О.- хатшы
Шешімі.
1.Қамқоршылық кеңес құрамын ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.
2.Ата-аналар қоғамдастығының шешімі негізінде 21.09.2021 ж. бұйрықпен Қамқоршылық кеңес құрамы бекітілсін.
3. Мектеп асханасында ыстық тамақты ұйымдастыруға қаржылай көмек көрсету мақсатында "Имран – Агро"ЖШС директоры О.А. Акишевке жазбаша өтініш жасау.