Текст
Жоспарға сәйкес 2 ақпаннан бастап мектепте "Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі өтуде . 4 ақпанда өзін-өзі тану мұғалімдері ізгі тілектер мен мақтау сөздерін айту күнін ұйымдастырды. Мектеп кітапханашысы бір апта бойы оқушыларды "Мейірім төгетін ана" атты кітап көрмесімен таныстырды. Өзін-өзі тану мұғалімдері "Жаныңның мейірімділігі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.