Текст
Қазіргі қоғамда кітапты жастанып оқитын бала некен-саяқ. Балалардың кітап оқуға деген қызушылығын ояту мақсатында елімізде «Кітап оқитын мектеп» жобасы бастау алған.Өйткені, кітап оқу адамның ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, адамгершілік қағидаларының қалыптасуына ықпал етеді.