«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ишимское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»,

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019 жылдың 1 ақпанында №2 Жақсы орта мектебінің базасында «Рухани жанғыру» кеңсесінде ұйымдастырылып өткізілген «Ауылым - Алтын бесігім» атты балалар әлеуметтік жобаларының аудандық конкурсы туралы материалдарды таныстыру және қорғау бойынша Ишимское орта мектебінің оқушыларының жетістіктері туралы мәлімет.

05.02.2019

Балалар мен жасөспірімдердің белсенді азаматтығын қалыптастыру, өз   ауылының өміріне қатысу құқығын қамтамасыз ету, дұрыс өмірлік нұсқаулықтарды таңдау дағдыларын қалыптастыру, әлеуметтік бастамаларға арналған алаң құру мақсатында 1 ақпан күні №2 Жақсы  орта мектебінің базасында «Рухани-жанғыру» кеңсесінде «Ауылым-Алтын бесігім» атты балалар әлеуметтік жобаларының аудандық конкурсы туралы материалдарды таныстыру және қорғау бойынша біздің мектептің 9 А сынып оқушысы Жусупова Минаура «Ұлы даланың Ұлы есімдері» атты номинация бойынша «Ауылдан шыққан-дара тұлға» атты жобаны таныстырып , қорғап шығып  мадақтама қағазы және сыйлықпен марапатталды.

Елі үшін еңбек еткен тарихи тұлғаны, бүгінгі ұрпақ санасын қалыптастыруға, адамгершілікті, имандылықты уағыз ете отырып таныстыру. Ешім ауылынан шыққан Шарипа Нағызқанованың өмірбаянымен таныстыру. Оның өмірін ашып көрсету. Отансүйгіштікке, халықтың өткен тарихын құрметтей білуге үйрету. Отанға деген  мақтаныш сезімін арттыру, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру. Еңбек адамдарына  деген сый құрмет, тың игеруші туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру. Минаура және оның жетекшісі Даненова Ж.Г бірігіп дайындаған жобада: Өз ойын еркін жеткізе алуға тәрбиелеу мақсатында «Ауылдан шыққан-дара тұлға» атты жоба тақырыбымен Нағызқанова Шәрипа Әбдіғаппарқызы өмірбаянын «Өмірге жетелеген-өмір жолы», «Елім деп еңіреген анамыздың еңбек жолы» атты зерттеу бөлімдері арқылы қарастырып , қорғап шықты.

8Б сынып оқушысы Бослер Дарья «Ұлы даланың Ұлы есімдері» атты номинация бойынша «Тарихтағы із» атты зерттеу жобасы бойынша  белсенділік танытқаны үшін мадақтама қағазымен марапатталды.

Өзінің жобасын Дарья жетекшісі Ташетова А.К.бірігіп дайындаған жобасында  өзінің кішкентай Отанын өз жұмысымен, шеберліктерін даңққа бөлеген тағдыры қызықты, ақылды прогрессивті  көшбасшы адам Брали Нуртазин туралы айтып берді.

 

Просмотров: 396


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст