Мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру мақсатында құрамында 58 адамнан тұратын 9-11 сынып оқушылары арасында және олардың ата-аналарымен сынып жетекшілері түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, оқушылармен және олардың ата-аналарына дұрыс мамандық таңдау мәселесі бойынша, қателік жібермей өздерінің сүйікті және осы заманның талабына сай керек ететін мамандық иесін таңдау жөнінде, түсініктеме жұмыстар жүргізіп отырды.
Астана қаласының Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің маманы Байбусинова Гульден Кайыржановна келіп оқушылармен алдағы мамандық таңдау жөнінде дәріс өткізді.Оқушыларды әртүрлі маман саласының иегері болуларына университетің талаптарымен оқуға түсетін кездегі тапсыратын құжаттарымен таныстырып өтті.
Атбасар қаласының №11 Агротехникалық колледжінің оқытушылары Баимбетов Асхат Исакожаевич және әлеуметтік педагог Борамбаева Зарина Раулевна мамандықтаңдау профориентациялық жұмыс жүргізіп, өз колледждерінде қандай мамандықтарды меңгеруге болатындары туралы айтып өтті: Повар , Кондитер, Монтаж, и эксплуатация внутренних санитарно-технических устроиств, вентиляции и инженерных систем, электрогазосварщик, фермерское хозяйство, тракторист-машинист сельскохозяйственного профиля.Оқушылар дәріс өткізу барысында өз сұрақтарын қойып, мәлімет жинап отырды.
Мамандық таңдау мақсатында 11 сынып оқушылар арасында ауданымыздан РОВД жұмыскерлері: кадірлік жұмыстың басшысының орынбасары капитан полициясы Алдажаров Ақылбек Айтуганович Оқушыларымызға полиция оқу орындарына қалай түсу керек, қандай құжаттар керек екенін айтып өтті. Оқушыларымызға әңгімелерін айтып, дұрыс бағыт беріп ,сұрақтарына жауап беріп отырды.
Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі Ташет Н.Б.