Сұлулық пен денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың салауатты өмір салтын бейімдеу және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру . Оқушыларды білімділікке , сауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой-түйін жасай білу дағдыларын дамыту. Денсаулықты күту, оның адам өмірі үшін маңызын білу, пайдалы кеңестерімен таныстыру. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту. Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында 1-11сынып оқушылары арасында бекітілген жоспарға сәйкес «Сұлулық және денсаулық» айлығы ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп медбикесі оқушы қыздарға репродуктивті денсаулық мәселесі, қыз балалардың ерте жүктілігінің зардабы, жыныстық тәрбие туралы, қыз балалар мен ұл балалардың денсаулықтарының қазіргі кездегі мәселесі туралы айтылды.Ата-аналармен оқушылар арасында аурудың алдын-алу жөнінде информациялық түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, санбюллетендер таратылды.
Сұлулық және денсаулық айлығының ең қызықты әрі пайдалы шараларының бірі ол 4 сынып және 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып өткізілген «Сұлулық және денсаулық» атты көңілді эстафеталық жарыстар.
Жарыс барысында оқушылар екі топқа бөлінді «Сұлулуық және Денсаулық тобы болды. Әр топ тобының атының мағынасын ашып, айтып берді. «Пайдалы, зиянды заттар» атты жарыста , денсаулық тобы пайдалы заттарды кәрзенкеге жинастырса, ал Сұлулық тобы зиянды заттарды кәрзинкаға жинастырды. «Мергендер» жарысында ағалары , яғни жоғарғы сынып оқушылары інілерін арқасына отырғызып алып, қолдарындағы допты нысанға дәл түсіру, артқа жүгіріп келіп келесі жұп жалғастырды.
«Кім шапшаң» жарысында топ оқушылары төрешінің белгісі бойынша қолдарына ұстаған ракеткамен шарды түсірмей белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтты. Келесі сайыс топ басшыларына арналған . Топ басшылары топтың атының әр әрпіне байланысты сөз құрастырды. Топ басшысының сөздік қоры, шешендігі байқалды.
Әділқазылар әр топтың ұпай санын есептеп жеңімпазды анықтап, мадақтау қағаздарын табыс етті.
Қазақстан Республикасындағы жастар жылының аясында Есірткіге «Жоқ!» ,
салауатты өмірге «Иә!» облыстық сырттай бейнероликтер байқауына «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз! атты тақырыппен 8 А сынып оқушысы Шәріп Аруана белсене араласты.
8 наурыз мерекесі көктемнің ерекше мерекелерінің бірі. 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні ретінде мерекеленіп, бұл күні аналар мен арулар ыстық лебізге кенеліп, көктеммен бірге құлпыра түседі.
Осы мерекеге байланысты Ишимское орта мектебіннің мәжіліс залында директордың ісі жөніндегі орынбасары Ташет Н.Б. отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, Ана еңбегін қадірлеп, үмітін ақтауға, ана есімін ардақтап, қадірлеуге, сыйлауға баулу. Қыздарды әсемдікке баулу, ойлау қабілеттерін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Аналарды сыйлау, оларға көмек көрсету мақсатында бастауыш сынып оқушыларының аналарының арасында «Шығармашылық және сұлулық әлемді әсемдейді» атты көктем мерекесін шығармашыл ата-аналар арасында мастер-класс түрінде ұйымдастырып өткізілді.
Қатысқан ата-аналар саны -9:
Жунусова Парасат Мухамедовна «Көктемгі гүлдер», Солохина Светлана Николаевна«Кружевные салфетки», «Саметова Алтынгүл Тлеухановна «Көктемгі марафон», Довбило Вероника Анатольевна « Рспустившиеся цветы», «Сейтахметова Бибигуль Калымбековна «Шебердің қолы алтын», Фаст Ирина «Чудеса своими руками»,Боранбаева Диана Сайрановна «Керемет аспасшы», Калитка Наталья Николаевна «Вязание для моей дочери Алисы», Касенова Гульнар «Үлпілдеген тәттілер».
Әр ана өзінің шығармашылық жұмысын өтте жақсы дәрежеде көрсетті.
Олар: біреуі тоқыма жіптен тоқыған жылы кеудешелерін көрсетсе, ал біреулері бисердан, крючоктан тоқылған салфеткаларын көрсетіп, айтып берді. Ал кейбір аналар , қағаздан, матадан жасалған бұйымдарын көрсетіп, қалай жасалғанын түсіндіріп айтты.
Оқушыларымыз да бос қалмай осы керемет сәтті пайдаланып, ән айтып, би билеп, өлең жырларын аналарына арнап ,шығармашылық өнерлерін ортаға салды. Мерекеміз керемет өтіп, ұйымдастырған іс-шарамыз көрермендердің көңілдерінен шықты. «Шынықсаң шымыр боласың, біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Денешынықтыру мұғалімдернің ұйымдастырумен 1-11 сынып оқушылары арасында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты спорттық жарыстар шаңғы тебу, волейболдан , пионер болдан, баскетболдан, футболдан жарыстар ұйымдастырылды.