Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын күн.
Мектеп мәжіліс залында 20 наурыз күні , Наурыз мейрамында Наурыз мерекесін тойлайтын түркі тілдес бауырларымыздың басын қосып, татулықпен, достыққа, бірлікке шақырып, ұлттық тағамдарын , киімдерін көріп, өнерлерін тамашалап, салт-дәстүрін құрметтеп ұлт арасындағы татулық фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының арасында өтті.Фестивальға 6 ұлт өкілдері қатысты. Олар: Өзбек, таджик, шешен, қырғыз, татар, қазақ . Ата-аналар осы ұлт өкілдерінің тілінде наурыз мерекесімен құттықтап, ән айтып, би билеп,ұлттық тағамдарымен таныстырып көрермендерді таңғалдырды. Мектеп директоры Абишева С.М. фестивальдің соңында Наурыз мерекесімен құттықтап, барлық қатысқан ата-аналарды алғыс хатпен, дипломдармен марапаттады. Мереке аяқталғаннан кейін, барлық көрермендермен мектеп әкімшілігі ата-аналар әзірлеген ұлттық мерекелік дастарханнан ауыз тиіп, ауылдарды аралап өтті.
Ұйымдастырып өткізген директордың тәрбие ісінің меңгерушісі Ташет Н.Б.