12 мамыр 2022 жылы «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін жаңа әдіс – тәсіл арқылы дамыту тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар салтанатты ашылуымен және бірнеше концерттік нөмірлерден басталды. Семинар барысында жаңа әдістерді қолдана отырып, оқушылардың сабақта танымдық қызығушылығын қалыптастыру, оқу үрдісінің тиімділігін арттыру мақсатында Ташетова Б, Бопешева М.Т, Муханбетжанова Г.М. ашық сабақтар беріп, «Қалыптастырушы бағалау – табысқа жету баспалдағы» атты коучинг өткізілді.
Сонымен қатар, Жуманова С.Е. педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсынан жаңалықтармен бөлісіп, шеберлік сабағын өткізді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Куандыкова Г.Ж. бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық форумында айтылған жаңалықтарды айтып өтті. Семинар соңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Баубек батыр» кесенесіне экскурсия ұйымдастырылды.