Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің
2025–2026 оқу жылындағы білім беру
«Саясаты мен басымдылықтар» тақырыбындағы педагогикалық кеңес отырысы
Өткізу күні: 29.08.2025ж.
Қатысқандар: 45 Қатыспағандар: 1
Күн тәртібінде:
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
Мектеп басшысы Абишева С.М. сөз алды.
Қайырлы күн, құрметті әріптестер!
2025-2026 оқу жылының бірінші педагогикалық кеңесіне жиналып отырмыз.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібімен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
1. Жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі бағыттары
2. 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық оқу-тәрбие жұмысының жоспарын бекіту (тәрбие жұмысы, әдістемелік жұмыс, мектептегі педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу, педагог-психологтің жұмыс жоспары, әлеуметтік педагогтің жұмыс жоспары т.б.).
3. Әртүрлі мәселелер
Бірінші сұрақ бойынша баяндауға рұқсат етіңіздер
15 тамызда Республикалық тамыз конференциясына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысты. Президент өз сөзінде ұстаздар қауымының қоғамдағы орны мен рөлін айрықша атап, «ұстаз – ұлттың шамшырағы» деді. Бұл педагогтерге берілген жоғары баға мен жауапкершілік деп білеміз.
Атап өтілген мәселелер туралы толығырақ Республикалық тамыз конференциясының бейнеролигінен қарауды ұсынамын.
ҚР Президенті қатысуымен өткен Республикалық тамыз конференциясы бойынша бейнеролик қарау
Сілтемесі https://disk.yandex.kz/i/Lsm8_zf-idhO7w
Әріптестер, бағыт – айқын, мақсат – анық, сапалы жұмыстарды бірлесіп атқарамыз. Білім сапасын жақсарту мұғалімнен ізденімпаздықты, шығармашылықты, жаңашылдықты қажет етеді.
Тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы білім саласында атқарылған жұмыстар, қол жеткізілген жетістіктер және алдағы уақыттағы басым бағыттар жөнінде кеңінен баяндады. Бұл туралы бейнероликтен толығырақ танысыңыздар.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген бейне роликті қарау
Сілтеме:
(бейне ролик аяқталғаннан кейін мектеп басшысы әрі қарай сөзін жалғастырады)
Модератор
«2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ туралы директордың орынбасары баяндайды.
Директор орынбасарының сөзі: Казалиева З.А.
Құрметті әріптестер!
2025-2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат жалпы білім беретін мектептерде білім беру оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың барлық аспектілері бойынша ғылымға негізделген әдістемелік ұсынымдар мен нұсқауларды қамтиды.
2025-2026 оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33, 2–11(12)-сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бағдарламаларының сабақтастығы сақталуы тиіс.
Биылғы оқу жылында жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізілетін болады. Жасанды интеллект – педагогті алмастыратын құрал емес екендігін атап өту қажет. Оны дұрыс қолдану оқу процесін оңтайландыруға, білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жасанды интеллектіні қолдану этикасын ұстану үшін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген Жасанды интеллектіні оқу процесінде қолданудың этикалық талаптары негізге алынады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау нәтижелілігі мен объективтілігі академиялық адалдық қағидаттарының сақталуына тікелей байланысты.
«Академиялық адалдық» білім беру процесінде зияткерлік еңбекке жауапкершілікке қарауды қалыптастыруды көздейді. Сондықтан академиялық адалдық нормалары мектептің ішкі тәртіп ережелеріне енгізілуі тиіс. Сонда ғана ішкі бағалау объективті болады.
Келесі мәселе – инклюзивті білім беру. 2025 жылғы 29 сәуірде «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің №92 бұйрығы бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын күшейту қажет.
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға үш деңгейлі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі көрсетіледі: сынып деңгейінде – педагогтер тарапынан; мектеп деңгейінде – ӘППҚ мамандары мен педагогтер тарапынан; мектептен тыс деңгейде – қажет болған жағдайда бейінді мамандарды тарта отырып.
Жалпы сөзімді қорытындылай келе оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда аталған ерекшеліктер мен басым бағыттар биылғы оқу жылында ескерілуі қажет.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!
Бағдарламаны іске асыру кезеңдеріне сәйкес, ағымдағы оқу жылы ішінде оның сапалы орындалуын қамтамасыз ету, барлық стейкхолдерлерді тарту және қоғам тарапынан бағдарламаның орнықты қабылдануына айрықша мән беру қажет.
Модератор:
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы туралы тәрие ісі жөніндегі орынбасар баяндайды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың сөзі: Имангалиева Г.Ж.
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде іске асырылады.
2025-2026 оқу жылында құндылықтардың әр айға бөлінісі сақталып, 6 жоба, 5 алдын алу шарасы негізінде іске асырылады. Әр сынып сағатының 10 минуты «Жеке қауіпсіздікке» арналады.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында келесідей мәселелерге назар аудару ұсынылады:
Білім мен тәрбиенің тұтастығына баса назар аударып, «Адал азамат» құндылығын оқу тапсырмаларының мазмұнына кіріктіріп, пәннің тәрбиелік әлеуетін күшейту қажет.
«Отбасы – мектеп – мемлекет» үштағанының біртұтас үйлесімін нығайту қажет. Осы мақсатта Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының әлеуетін арттыру, оларды жүйелі диалог пен әріптестікке тарту ұсынылады.
Ата-аналар комитеті мектеп формасын сақтау, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне қатысты жұмысты мектеппен бірлесіп атқаруы қажет.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын мектептің өзін-өзі басқару ұйымын, ата-аналарды тарту арқылы жүзеге асыру ұсынылады.
Қорытындылай келе, аталған басты мәселелер тәрбие жұмысын ұйымдастыруда назарға алынсын.
Назарларыңызға рақмет!
Модератор
Педагогикалық кеңестің екінші сұрағын талқылауға көшейік.
2. «2025-2026 оқу жылына арналған жылдық оқу-тәрбие жұмысының жоспарын бекіту туралы (тәрбие жұмысы, әдістемелік жұмыс, мектептегі педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу, педагог-психологтің жұмыс жоспары, әлеуметтік педагогтің жұмыс жоспары т.б.) әр білім беру ұйымы өзінің жоспарларын бекітуге ұсынады.
Сөз директор орынбасарына беріледі
1. 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық оқу-тәрбие жұмысының жоспарын бекітуді ұсынады (оқу жұмыс жоспарын, оқу жүктемесі, сабақ кестесі, мектепті дамыту жоспары, педагогикалық кеңес жоспары, мектепішілік бақылау жоспары, әдістемелік кеңес жоспары т.б)
Баяндамашы: Т.А.Ә./ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
2. Мектептің жылдық тәрбие жұмысының жоспарын бекіту (мүдделі органдармен бірлескен жоспар, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспары, профилактикалық кеңес т.б. жоспар)
Баяндамашы: Имангалиева Г.Ж../ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Мектепте санитарлық нормалардың сақталуы туралы (азық-түлік сапасын бақылау және тамақтандыруды ұйымдастыруда санитарлық-гигиеналық ережелердің сақтау т.б.)
Баяндамашы: Кеженова А.Т./ Әлеуметтік педагог/
4. Мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібі ережелері мен мектептің жұмыс кестесін бекіту
Баяндамашы: Абишева С.М./ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Модератор
Педагогикалық кеңестің үшінші сұрағына көшуге рұқсат етіңіздер.
3. Мектеп директоры Абишева С.М. 2024-2025 оқу жылында аттестацияға өтініш берген педагогтерге куәліктер табыс етіледі. Аталған оқу жылында «педагог-модератор» санатына 9 педагог өтініш білдіріп, соның 7-уі «педагог-модератор» санатын жаңа «Ұстаз» платформасы бойынша алды.
Тізім төмендегідей:
Аталған педагогтерге біліктілік санаттарын растайтын куәлік берілсін.
Келесі сұрақ бойынша оқу ісінің меңгерушісі Казалиева З.А.педагогтердің оқу жүктемелерімен таныстырып, сынып жетекшілік бекітілді.
Әріптестер, күн тәртібіндегі барлық мәселелер тыңдалды. Нәтижесі бойынша шешім қабылдауды ұсынамын.
1.2025-2026 оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басым бағыттары туралы
ШЕШІМ:
«2025-2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынсын;
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру қамтамасыз етілсін;
білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары бекітілсін;
жасанды интеллектіні қолданудың этикалық нормалары мен академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мектепішілік ережеге енгізілсін.
2. 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық оқу-тәрбие жұмысының жоспарын бекіту туралы
3. Педагогтердің біліктілік санаттарын көтеруге сапалы жұмыстар атқарылсын. Жүктемелер толық таныстырылып, жыл бойы сапалы жұмыстар атқарылуын оқу ісінің меңгерушілері қадағалауға алынсын.
ШЕШІМ:
мектептің 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары бекітілсін;
мектептің оқу жұмыс жоспары, оқу жүктемесі (тарификация), сабақ кестесі, мектепті дамыту жоспары, педагогикалық кеңестің жоспары, мектепішілік бақылау жоспары, әдістемелік кеңестің жоспары, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспары, педагогтердің біліктілігін арттыру жоспары және т.б. бекітілсін;
жауапты тұлғалар бекітілген жоспарлардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін;
директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары нұсқау өткізу, өртке қарсы қауіпсіздіктің жай-күйін және бейнебақылау жүйесін тұрақты тексеруді қоса алғанда, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары және медицина қызметкері (келісім бойынша) мектепте санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етсін.
медицина қызметкері (келісім бойынша) азық-түлік сапасын бақылауды және тамақтандыруды ұйымдастыруда санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын қамтамасыз етсін;
мектеп қызметкерлері үшін Ішкі тәртіп ережелері және мектептің жұмыс кестесі бекітілсін.