Ишимское орта мектебі
бойынша
12-18 қараша аралығында
«Жолда жүру
қауіпсіздік апталығы» атты республикалық
науқанға байланысты өткізілген іс-шаралар есебі.
2018-2019 оқу жылы
Ишимское орта мектебі бойынша жол- көлік
апатының алдын-алу жөнінде 12-18 қараша
аралығында «Жолда жүру
қауіпсіздік апталығы» атты республикалық
науқанға байланысты іс-шаралар өткізілді:
Жол- көлік
апатының алдын-алу мақсатында ата-аналармен, жалпы балаларының
жолда жүру қауіпсіздігі туралы профилактикалық жұмыс жүргізді.Ата-аналар
жиналысында сынып жетекшілер ескерту түсініктеме жұмысын жүргізді.
Мектебіміздің «Зебра» атты ЖҚИ тобы бірінші сынып
оқушылармен
«Жол ережелерінің белгілерімен танысайық»атты викторина
өткізді және мектебіміздің машинатану кабинетіне экскурсия жасап, жолда жүру белгілерін үйретіп, жолда
жүру ережесімен таныстырып, олармен «Что
такое пешеход?», « Көшедегі жаяу
жүргінші қалай жүру керек?» , «Жолдағы велосипедші қалай жүру керек?» т.б
деген сұрақтар қойып, олардың жауаптарын
тыңдады.
Бірінші сынып оқушылары бағдаршам туралы әртүрлі
тақпақтарын айтып,
Жол ережесінің белгілерін жатқа айтып, тақтадан дұрыс
көрсетуге тырысты.
Бастауыш сынып жетекшілері және 5-7 сынып жетекшілері
оқушылармен тәрбие сағаты барысында
,жолда жүру қауіпсіздігі туралы түсініктеме әнгімелерді жүргізіп,
олармен бірге әртүрлі «Бағдаршам –біздің досымыз», «Жол белгілері» ойындар , викториналар өткізді.
Оқушыларымыз белсенділік танытты.
Директор школы: С.М. Абишева