Ишимское орта мектебі
бойынша
«Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күніне байланысты
өткізілген іс-шаралар
есебі.
2018-2019 оқу жылы.
«Жалпыадамзаттық
Құндылықтар Күнін өткізу аясында
«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы 2018
жылғы 23 қараша Қазақстан Республикасының барлық білім беру ұйымдарында білім
алушылардың, педагогтардың және ата-аналардың белсенді бағдарларын, қоғамға
қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған
мақсатпен бекітілген жоспарға сәйкес Ишимское орта мектебі бойынша
«Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылып
өткізілді.
1-11сынып оқушылары арасында сынып жетекшілері әнгімелесу, шаттық шеңбері түрінде
«Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізгі дұрыс
әрекет-оның шынайы өмірі»,«Любовь-главное качество человека, истина-его основа,
а праведность-его подлинная жизнь» атты сынып сағаттарын өткізді.
«Жалпыадамзаттық Құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі» атты
тақырыбында ата-аналарға арнап дәріс оқылып, бастауыш 4 сынып және 8 сынып оқушыларымен ата-аналарының
арасында «Балалықтың бал шағы» атты балалармен бірлескен іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара барысында
сынып жетекшілері, ата-аналарды балаларымен
бірге бір сәт балалық шаққа саяхат жасау
мақсатында қызықты ойындар,
тренингтер,шаттық шеңбер, сахналық көріністер ұйымдастырып , ситуациялық
сұрақтар жасырып, көңілдерін көтеріп сүйіспеншілікке бөледі.
Бейнелеу мұғалімі Ильясова А.Е. ұйымдастыруымен «Жүрек қуанышы» атты оқушылардың шығармашылық
көрмесін ұйымдастырып өткізді.
Оқушыларымыз ата-аналарымен бірігіп дайындаған және өздерінің қолдарымен әзірлеген
қол-өнер бұйымдарын көрмеге қойып, барлығын таңғалдырды.
Мектеп кітапханашысы Сейтгалиева Д.К рухани-адамгершілік
тәрбиеге арналған кітаптарды таныстыру мақсатында «Сүйіспеншілік-әрбір
жүректе!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мектеп директоры: С.М.
Абишева
жауапты
ұйымдастырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ташет Н.Б.
БЕКІТЕМІН:
Мектеп директоры: С.М.
Абишева
Ишимское орта мектебі
бойынша
«Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күніне байланысты
өткізілетін іс-шаралар жоспары.
2018-2019 оқу жылы.
№ |
Іс-шаралар атауы |
Мерзімі |
Жауаптылар |
1 |
«Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізгі дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі»,«Любовь-главное качество человека, истина-его основа, а праведность-его подлинная жизнь» атты сынып сағаттарын өткізу. |
27.11.18 |
1-11сынып жетекшілері |
2 |
«Жүрек қуанышы» атты оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі |
29.11.18 |
1-7 сынып жетекшілері Сызу және Бейнелеу мұғалімі Ильясова А.Е. |
3 |
«Сүйіспеншілік-әрбір жүректе!» Рухани-адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптар көрмесін ұйымдастыру. |
26.11.18 |
Мектеп кітапханашысы Сейтгалиева Д.К |
4 |
«Балалықтың бал шағы» ата-аналармен балалар бірлескен іс-шара өткізу |
23.11.18 |
4-8сынып жетекшілері |
5 |
Общешкольное мероприятие «Радость детства» |
28.11.18 |
Аға тәлімгер Имангалиева ГүЖ Жас Ұлан және Жас Қыран үйымының мүшелері |
7 |
Қорытынды есепті жіберу |
26-30.11 |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Ташет Н.Б. |
Мектеп директоры: С.М.
Абишева