Қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты тәрбиелеу, Отанымыздың мәдени және тарихи өткеніне, Қазақстан халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауды, дарынды балалар мен жастарды қолдау мақсатында, №2 Жақсы орта мектептің базасында 27 ақпанда Қазақстан Республикасының халықтары Ассамблеясының шағын балалар арасындағы фестивалі Ризашылық күніне орай ұйымдастырылып өткізілді.
Ережеге сәйкес Фестиваль 4 талап бойынша өткізілді.
1.Сайысқа қатысу үшін шағын балалар Ассамблеясының ережесі қабылданды
Фестиваль 3 кезең арқылы өткізілді.
1.Мектепішілік шағын балалар Ассамблеясының презентациясы 3 минут
2.Шығармашылық номер (ұлттық ән, ұлттық аспаптарда ойнау 5 минут)
3.»Алтын қазына» ұлттық киім модельдерінің көрмесі. Әр мектеп бір ұлттық модельді көрсетеді.
Бұл фестивальдің қорытындысы бойынша біздің мектебіміздің«Достық» балалар Ассамблеясының оқушылары жүлделі 3 орынға ие болды!!!
Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі Ташет Н.Б.