«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ишимское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»,

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы Отан Соғысының 74 жылдық мерекесіне және Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар мәліметі.

17.05.2019

Ишимское орта  мектебі бойынша  бекітілген жоспарға сәйкес Ұлы Отан Соғысының 74 жылдық мерекесіне және Отан қорғаушылар күніне орай іс шаралар ұйымдастырылып өткізілді. 2 мамырдан бастап құрамында 253 адамнан тұратын 1-11 сынып оқушылар арасында «Помним и чтим» атты сенбілік Жеңіс саябағында ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп кітапханашысы Сейтгалиева Д.К қолдауымен ,құрамында 117 адамнан тұратын ,0-4 сынып оқушылары арасында «Ұлы Жеңіске -74 жыл» атты сурет көрмесі өтті. Белсене қатысқан оқушылар дипломдармен марапатталды.Мектеп кітапханашысы  Сейтгалиева Д.К. «Ұрпақтарға Ұран болған Ұлы Жеңіс!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

1-11сынып жетекшілері «Біз Отан қорғаушыларымыз!», «Ұлы Жеңіс Ұрпаққа аманат!» атты ерлік сабақтарын оқушылар арасында ұйымдастырды.

Аға тәлімгер Имангалиева Г.Ж Жас Ұлан ұйымының мүшелерімен «Қайырымдылық» акциясын  «Ізгілік аймағы» ұранмен ұйымдастырды.

Олар тыл, еңбек, қарт кісілердің үйлеріне барып, келе жатқан  мерекелерімен құттықтап, үй шаруасына көмектерін көрсетіп қайтты.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сейтахметов К.Г.Отан қорғаушылар күніне орай ,70 адамнан тұратын  8-11 сынып оқушылары арасында  «Қыран» атты  тобымен  сап түзеп,ән шеруін өткізді.

Әсіресе, 9 мамыр күні ұйымдастырылған ,дәстүрлі,  салтанатты жиынымыз биылғы жылы да ,  мектептің алдында  «Бессмертный полк» атты  шерумен басталды. Мектеп оқушылары, ұстаздар, кейбір ауыл тұрғындары  сап түзеп ауыл көшесін айналып , парадқа  шықты. «Бессмертный полк» шеруі Жеңіс саябағына  барып тоқтады. Дәстүр бойынша жиын мемлекеттік ән-ұранмен басталды.  Ауыл әкімі Искаков А.М., мектеп директоры Абишева С.М., тыл және еңбек ардагерлері, ауыл тұрғындары құттықтау сөздерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Ұлы Отан соғысында  қаза тапқан ата, ағаларымыз үшін   1 минуттық  үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Шын жүректен, патриоттық сезімдерін биіктен көрсетіп, белсенділік танытқан оқушыларымыз ән айтып, өлең жырларын  көрермендерге паш етті.

Жиынымыздың аяқталу сәтінде Ешім орта мектебінің ұстаздар қауымы «День Победы» әнін салтанатты түрде орындап, Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған  жиынымызды жабық деп жариялады.

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст