«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ишимское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»,

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ата-Заңым-айбыным!»

09.01.2017

Бастайтын болашаққа

бақ кемелі,                                           

Осы жолы халықтың да нақ сенері!

  «Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға

    Елбасы қолын қойып Ант береді.                                           

(Жүніс Е.)

 

       Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір

заңдылықтарға бағынатыны сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де

негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойндалған атауы –

Конституция.

       Конституция (Ата-Заң) - бұл мемлекеттін

негізі заңы, Қазақстан адамзаттарының құқықтық қағидаларын тұжырымдайтын мемлекеттік

заң. Ол қоғамдық қарым қатынастын дамуына байланысты өзгеріп отырады.1993 ж. 28

қаңтарда Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қабылданды. Ал 1995 ж.

30 тамызда екінші рет өзгеріске енді. Осы жылы еліміз өзінің талғам  талқысынан өткен басты құжатты Конституциясын

жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жанылмас жарғысы болған Конституция

біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

      Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын

бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде  мызғымас мемлекетімізді орнатып,

Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата-Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың

кепілі ретінде біздің бірімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен  татулықтың 

берік тұтқасы болады. Конституция мемлекеттік биліктің  қайнар көзі халықтың өзі екенің айқындады.

Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы

мерейлі межеге биыл 21 жыл толып отыр

       Әрбір қазақстандық Ата Заңды мемлекет

пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі,  өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін

бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Бұл біздің

басты құндылығымыз. Қоғамның  бүгіні мен

болашағы үшін, жалпы алғанда өз Ата-Заңымызды құрметтеп, оның маңыздылығын

жоғалтпай сақтауымыз біздің, яғни әрбір Қазақстан Республикасындағы адамзаттын

міндеті мен парызы.

      Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев:

«Біздің Конституцияның бізге    берген ең

басты құндылығы-таңдау құқығы, басқаша 

айтқанда, өз өміріңнің  қожасы

болу кез келген қазынадан бағалы», дей келе оның  ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,

құқықтары мен бостандықтары деп айқындаған. Конституция- біздің  асқақ абыройымыз. Біздің негізі Заң-біз

бәріміз жаңа  қоғам, жаңа  мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан  сенімді іргетас. Қысқа мерзімде біздің еліміз

болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жана тарихы

қалыптасуда. Биыл  Қазақстан халқы үшін

аса маңызды мерейлі мерекелі жылы. Ең бастысы-Қазақ хандығының  550 жылдығы, сонымен  қоса тәулсіздігіміздің  25 жылдығы. Бұлар тарихимыздың  түгендеудің бастамасы. Тәулсіздігіміз

бен   Конституциямыз тайға таңба

басқандай  ажырамас егіз ұғымға айналған.

Бірінсіз бірі толыққанды мазмұнға ие 

бола алмасы анық. Конституция біздің 

мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекілерінің  бірі.

  Конституция 

мызғымас  мемлекетіміздің алтын

қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары,кемел

кешеміздің кепілі, біз аз уақытта айбары  асқан 

қуатты  ұлтқа, дәулеті тасқан   әлеуметті елге айналдық. Ортақ  шаңырығымыздың  шекарасын шегелеп, іргемізді  мызғымастай 

етіп бекіттік. Тағдыр  тоғыстырған,

тарих табыстырған  түрлі ұлт  өкілдері Конституция қағидаттары

төңірегіне  топтасы. Еуразияның жүрегенде

орналасқан  елордамыз әлемге  руханияттың ірі  орталығы, саясаттың  іргелі ордасы ретінде танылды. Елбасының

салиқалы саясатының  арқасында   ұлтаралық 

келісім, қоғамды тұрақтылықпен 

қамтудын өзіндік  моделі жүзеге

асырылып келеді. Саясат, экономика, білім спорт,мәдениет жағынан әлемнің  кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып

үлгердік. Елдің  жаңа  даму кезеңі 

мемлекетке де өзгірістер, тың 

идеялар  мен  жетістіктер 

әкелді, бұл алдағы жаңа  кезенге

жол  ашуда.  

                                           Өмірден  әділдіқ пен 

бақ табатын,

                                           Құқығым 

қорғалды  деп  шаттанатын,

                                            Өзіндей жас 

өркендер келеді  өсіп

                                          «Бұл біздің –Ата Заң» деп мақтанатын!

     Ата Заң 

әркімнің   бойтұмары  болып  

оның   әрбір  қағидасы мүлтіксіз  орындалғанда 

ғана  ортақ  мақсатқа қол жеткіземіз. Болашақта заңгер

болмасақ та, қарапайым азамат ретінде өз құқығын қорғай алатын адам болу үшін

үнемі құқықтық  білімімізді жетілдіріп

отыру керек. Болашақ  құқықтық Қазақстан

Республикасының тағдыры өз қолында. Ата Заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі-ақ

талай белестері бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.

Просмотров: 340


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст